12 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips
US20825C1045 (COP_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
09.02.24 18:07
/KASE, 09.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
12 ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 19 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 19 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 21 ақпанынан
бастап қайта басталады.
[2024-02-09]