09 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company
US3453708600 (F_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
09.02.24 09:22
/KASE, 09.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың
09 ақпанынан бастап есеп айырысу күні 2024 жылдың 16 ақпанына және
одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен
сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша Ford Motor
Company (АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2024 жылдың 16 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 19 ақпанынан
бастап қайта басталады.
[2024-02-09]