KASE ЖӘНЕ KASE КЛИРИНГІЛІК ОРТАЛЫҒЫ "KASE DAY IN ASTANA" ІС- ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

08.02.24 17:56
/KASE, 08.02.24/ – 2024 жылдың 07 ақпанында Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) және Биржаның 100 % еншілес ұйымы болып табылатын KASE Клирингілік орталығы (KACC) "KASE day in Astana" іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында KASE өкілдері аудиторияға KASE 2023 жылдағы қызметінің қорытындылары, Биржаның іске асырылып жатқан жобалары, инновациялар мен жаңа қаржы құралдарын енгізу, Қазақстанның қор нарығын дамыту трендтері мен перспективалары туралы айтып берді. 2024 жылға арналған KASE Даму Стратегиясының негізгі бағыттары және ESG қаржыландыруды дамыту, KASE Digital алаңында токенизацияланған активтерді іске қосу және сату жөніндегі жоспарлар, Market Data бағытын, KASE ақпараттық және талдамалық өнімдерін дамыту, сондай-ақ KASE Global секторын дамыту туралы ақпарат айтылды. Сонымен қатар, KASE Клирингілік орталығының өткен жылғы KACC қызметінің нәтижелерімен және 2024 жылға арналған жоспарларымен таныстырылымы ұсынылды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, квазимемлекеттік сектор компанияларының топ-менеджерлері, ірі жеке компаниялардың басшылары, Эмитенттер, инвесторлар және нарықтың кәсіби қатысушылары қатысты. Іс-шараға арналған баспасөз мәлімдемесі жарияланды: - https://kase.kz/files/press/kz/07_02_2024_KASE_Day_in_Astana_kaz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/press/ru/07_02_2024_KASE_Day_in_Astana_rus.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/press/en/07_02_2024_KASE_Day_in_Astana_eng.pdf – ағылшын тілінде. [2024-02-08]