/ҚАЙТАЛАУ/ KASE ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ 2024 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНА АРНАЛҒАН ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

01.02.24 12:00
/KASE, 01.02.24, 30.01.24 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың ақпан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2023 жылдың 23 қаңтарындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2024 жылдың 01-29 ақпаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 49 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2024 жылдың қаңтарына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит - ақылға қонымды теңгерім" ИИПҚ KZPF00000231 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары", BCCIrb) пайлары; 2) ProShares Bitcoin Strategy ETF US74347G4405 ETF бағалы қағаздары ("KASE Global" секторы, BITO_KZ); 3) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары", FHJIag); 4) NVIDIA Corp. US67066G1040 жай акциялары ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ); 5) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF US4642885135 ETF бағалы қағаздары (сектор "KASE Global", HYG_KZ) 2023 жылдың қаңтарына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен шығарылды: 1) Johnson & Johnson US4781601046 жай акциялары ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ); 2) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc); 3) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ KZPF00000090 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw); 4) NIKE, Inc. US6541061031 жай акциялары ("KASE Global" секторы, NKE_KZ); 5) "Қазақстан қор биржасы" АҚ KZ1C00001213 жай акциялары ("листингідлік е мес бағалы қағаздар" секторы, KASE); 6) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 ETF бағалы қағаздары ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ). Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың ақпан айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_feb.pdf Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың қаңтар айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_jan.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2024-02-01]