01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation
US4581401001 (INTC_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
01.02.24 09:49
/KASE, 01.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 ақпанынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
07 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Intel Corporation
(АҚШ) US4581401001 ("KASE Global" секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен
KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 07 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 09 ақпанынан
бастап қайта басталады.
[2024-02-01]