01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014
(IBM_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды
01.02.24 09:39
/KASE, 01.02.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01
ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу
күні 2024 жылдың 09 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін,
IBM corp. (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының
10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 ақпанында көрсетілген
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 ақпанынан
бастап қайта басталады.
[2024-02-01]