KASE ASTS+ САУДА-КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОР ЖӘНЕ ВАЛЮТА
НАРЫҚТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ НҰСҚАСЫНА ТЕСТІЛЕУ ӨТКІЗУДІ
ЖОСПАРЛАП ОТЫР
30.01.24 14:53
/KASE, 30.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылДЫҢ 03 және
04 ақпанында қор және валюта нарықтарының ASTS+ сауда-клирингтік
жүйесінің (ASTS+) қолданыстағы нұсқасына тестілеу өткізу жоспарланғанын
хабарлайды.
ASTS+ қор нарығын тестілеу үшін келесі өзгерістер мен түзетулер
қарастырылған:
1) "KASE Global" секторының шетелдік эмитенттерінің акциялары үшін
жаңа топтар мен тәртіптемелер:
- топтар: GQIL (ЖО ДҚ және ҚҚ (KASE Global) және GQDN (ЖО ДҚ
және ҚҚ (KASE Global USD) ;
- тәртіптемелер: TQKR (Т+ KASE Global Акциялары) және TQKD (Т+
KASE Global USD Акциялары);
2) облигациялар бойынша аукциондар өткізуді ұйымдастырғаны үшін
комиссиялық алымдарды есептеуді өзгерту;
3) MFIX Transactional бойынша Execution report хабарламасында
өтінімнің орындалған бөлігінің дұрыс емес мәнін бере отырып, қатені
түзету;
4) бір шектелімді ұлғайту кезінде қатені түзету.
ASTS+ валюта нарығын тестілеу үшін бір шектелім ұлғайған кезде қатені
түзету қарастырылған.
ASTS+ тестілік терминалдарында жоғарыда аталған тәртіптемелерді тестілеу
2024 жылдың 02 ақпанына дейін жүргізіледі.
Байланысты барлық мәселелер бойынша өтініш:
- ASTS+ -ке қосылу – 7 (727) 237 6017 телефоны бойынша
пайдаланушылармен өзара әрекеттесу қызметіне қосылу немесе
support@kase.kz электрондық поштаға жазу
- клирингілік қызметке қатысты – KASE клирингілік орталығына 7 (727) 237
6006 телефоны бойынша немесе clearing@kase.kz электрондық поштаға жазу
- ASTS+ жұмысына байланысты – Сауда-саттық департаментіне
7 (727) 237 6018, 237 6023, 237 6024 телефондары арқылы немесе
trade@kase.kz электрондық поштаға жазу
[2024-01-30]