АҚ "Акбакай Голд Ресорсиз" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
30.01.24 09:26
/KASE, 30.01.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, АҚ "Акбакай Голд Ресорсиз" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 000 дана;
- компанияның 145 850 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "АҚ Алтыналмас" АҚ болып табылады.
[2024-01-30]