25 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power
Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) акцияларының сауда-саттығы
тоқтатылды
25.01.24 10:03
/KASE, 25.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қаңтарынан
бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде
жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2024 жылдың
09 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, American Electric
Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 09 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 12 ақпанынан
бастап қайта басталады.
[2024-01-25]