/KASE, 24.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 25 қаңтарынан
бастап "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00010457 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFDFb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге;
23.01.24-23.01.26; тоқсандық купон, жылдық 21,50%; 30/360) облигацияларының
KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFDFb1/
[2024-01-24]