/KASE, 22.01.24/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Директорлар
кеңесінің шешімімен 2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап KASE
Басқармасының құрамына келесі өзгерістер енгізілді:
- Дана Муратбековна Аманжолова, басқарушы директор – Биржа
Басқармасының мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары
лауазымына оның бұрын белгіленген өкілеттік мерзімін сақтай отырып
сайланды (2026 жылдың 30 маусымына дейін);
- Елдос Маратович Куанышбеков, IT жөніндегі басқарушы директор,
KASE Басқарма мүшесі лауазымына 2024 жылғы 22 қаңтарынан бастап
2026 жылдың 30 маусымына дейін өкілеттік мерзімге сайланды.
Елдос Қуанышбеков KASE командасына 2023 жылы қосылып, 2023 жылғы
21 тамыздан бастап IT жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.
Бұған дейін "ҚРҰБ төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы"
АҚ басқара отырып, басшылық ету тәжірибесін шыңдады. Стратегиялық даму
бағыттарына жетекшілік етті, fintech саласындағы жобаларды іске асыруға қатысты.
22 қаңтардан бастап KASE Басқармасы бес адамнан құралады:
- А.Ө. Алдамберген, Басқарма Төрайымы;
- Д.М. Аманжолова, Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Е.Б. Мажекенов, Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Ж.Н. Саржаков, Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Е.М. Куанышбеков, IT жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі.
KASE Басқармасының құрамындағы өзгерістерге қатысты KASE баспасөз
мәлімдемесі келесі сілтемелер бойынша жарияланды:
-
https://kase.kz/files/press/kz/22.01.2024_Izmemeniya_v_sostave_pravleniya_KASE_kaz.pdf –
қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/22_01_2024_Izmemeniya_v_sostave_pravleniya_KASE_rus.pdf –
орыс тіліде;
-
https://kase.kz/files/press/en/22_01_2024_Izmemeniya_v_sostave_pravleniya_KASE_eng.pdf –
ағылшын тілінде.
[2024-01-22]