13 қаңтардан бастап KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары
А. Ю. Цалюктің өз бастамасы бойынша өкілеттігі мерзімінен бұрын
тоқтатылады
12.12.23 09:55
/KASE, 12.12.23/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE)
шешімімен 2024 жылдың 13 қаңтарынан бастап Цалюк Андрей Юрьевичтің
KASE Басқарма Төрағасының орынбасары ретіндегі өкілеттігі оның
бастамасы бойынша зейнеттік демалысқа шығуына байланысты мерзімінен
бұрын тоқтатылады.
А. Ю. Цалюк 2007 жылдың 15 қазанынан бастап KASE Вице-президенті
болып сайланды және KASE Басқармасының құрамына енгізілді. Әр
жылдары ол ақпараттық-талдау блогын, қадағалау қызметін және
тәуекелдерді басқаруды қадағалады.
А. Ю. Цалюк өз қызметін Қазақстан қор биржасында KASE ақпараттық-
талдау блогының басшысы ретінде бастады. Оның басшылығымен бұл
бағыт қалыптасу және даму кезеңдерінен өтті. KASE ақпараттық ресурстары
мен өнімдері қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін қаржы
құралдары мен биржалық нарықтар туралы ақпараттың негізгі көзіне
айналды.
Кейінірек А. Ю. Цалюк басшылығымен АЖ/ТҚҚ және айла-шарғы жасау
саласында биржалық қаржылық мониторинг бағыты қалыптасты.
А. Ю. Цалюк биржалық нарықтың жетекші сарапшыларының бірі. Қор
нарығын дамытуға бағытталған елеулі еңбегі үшін Қазақстан
Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Директорлар кеңесі А. Ю. Цалюкке қор нарығын дамытуға және KASE
қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді.
[2023-12-12]