/KASE, 12.01.24/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE)
2024 жылдың 11 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізімінің
"мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай сенім сертификаттары
енгізілді:
- Hong Kong Sukuk 2017 limited шығарған Қытай Халық Республикасының
Гонконг Арнайы Әкімшілік аймағының үкіметінің XS1555404786
(HK_01_2702; $1,0 млрд, 28.02.17 – 28.02.27, мерзімді төлемдердің
жартыжылдық мөлшерлемесі, 3,132 %; 30/360);
- KSA Sukuk Limited шығарған Сауд Арабиясы Корольдігінің Қаржы
министрлігінің XS1599284202 (SA_05_2704; $4,5 млрд, 20.04.17 –
20.04.27, мерзімді төлемдердің жартыжылдық мөлшерлемесі, 3,628 %;
30/360);
- Malaysia Wakala Sukuk Berhad шығарған Малайзия Федерациясының
Қаржы министрлігінің USY57542AA32 (MY_01_3104; $800,0 млн, 28.04.21
– 28.04.31, мерзімді төлемдердің жартыжылдық мөлшерлемесі, 2,07 %;
30/360).
Басқарманың бұл шешімі 2024 жылдың 12 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген сертификаттармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған сертификаттарға рұқсаттама бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ
(Алматы) болып табылады.
Көрсетілген сертификаттардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/gsecs/
[2024-01-12]