03 қаңтардан бастап "ForteLeasing" (ФортеЛизинг)" АҚ KZ1C00000405
(TMLZ) жай акциялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының
"акциялар" секторынан негізгі алаңының "стандарт" санатына
ауыстырылатын болады
29.12.23 12:52
/KASE, 29.12.23/ – Қазақстан қор биржасының листингілік комиссиясы
(KASE) 2023 жылғы 28 желтоқсанда ForteLeasing" АҚ (ФортеЛизинг)
KZ1C00000405 (TMLZ) жай акцияларын KASE ресми тізімінің баламалы
алаңның "акциялар" секторынан негізгі алаңның "стандарт" санатына
ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 03 қаңтарынан бастап
күшіне енеді.
2023 жылдың 26 желтоқсанындағы KASE қорытындысында "ForteLeasing"
АҚ (ФортеЛизинг)" және оның көрсетілген акцияларын тексеру нәтижелері
бойынша олардың негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми
тізімінде көрсетілген акциялардың болуы үшін Листингілік ережелерде
белгіленген критерийлер мен талаптарға сәйкестігі анықталғаны атап өтілді.
[2023-12-29]