KASE ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНА АРНАЛҒАН ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

28.12.23 16:02
/KASE, 28.12.23 / – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2024 жылдың қаңтар айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2023 жылдың 25 желтоқсансындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2024 жылдың 01-31 қаңтары аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 50 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2024 жылдың желтоқсанына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) Johnson & Johnson US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акциялары; 2) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) ETF бағалы қағаздары; 3) iShares MSCI France ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) ETF бағалы қағаздары; 4) "Қазақстан қор биржасы" АҚ KZ1C00001213 ("листингілік емес бағалы қағаздар" секторы, KASE) жай акциялары; 5) NIKE, Inc. US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акциялары; 6) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы ("инвестициялық қорлардыі бағалы қағаздбары" секторы, FHJIpc) "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 пайлары. 2023 жылдың желтоқсанына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен шығарылды: 1) Verizon Communications Inc. US92343V1044 ("KASE Global" секторы, VZ_KZ) жай акциялары; 2) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) ETF бағалы қағаздары; 3) NVIDIA Corp. US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акциялары; 4) "Ақтөбе металл конструкциялары зауыты" АҚ KZ1C00001288 (KASE баламалы алаңы, сектор "акции", AKZM) жай акциялары; 5) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы алаңы, сектор "акции", IFDR) жай акцитялары; 6) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) ETF бағалы қағаздары. Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2024 жылдың қаңтар айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_dec.pdf Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың желтоқсан айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2024_nov.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2023-12-28]