26 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында US5951121038
(MU_KZ) Micron Technology, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды
26.12.23 10:14
/KASE, 26.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 желтоқсанынан
бастап репо операциялары бойынша, KASE олар бойынша орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2024 жылдың 02 қаңтарына
және одан кейінгі күндерге келетін, Micron Technology, Inc. (АҚШ) US5951121038
("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен KASE-дегі сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2024 жылдың
02 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 04 қаңтарыннан
бастап қайта басталады.
[2023-12-26]