26 жетоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Caterpillar
US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
26.12.23 09:46
/KASE, 26.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 жетоқсанынан
бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2024 жылдың 22 қаңтарға
және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE
Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 22 қаңтарда көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 24 қаңтарынан
бастап қайта басталады.
[2023-12-26]