21 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc.
US7170811035 (PFE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
21.12.23 09:47
/KASE, 21.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 желтоқсанынан
бастап, олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2024 жылдың 26 қаңтарына
және одан кейінгі күндерге келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE
Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2024 жылдың 26 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 29 қаңтардан бастап
қайта басталады.
[2023-12-21]