/KASE, 13.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың
15 желтоқсанынан бастап "KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Energy") (Астана)
KZ2P00010119 "жасыл" (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, KZWEb1;
1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 17.10.23-17.10.28; жартыжылдық купон, жылдық
21,75 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/KZWEb1/
[2023-12-13]