/KASE, 13.12.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 11 желтоқсанында
"AgroBusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС (Өскемен) KZ2P00010390
(MFABb1; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 10 жыл; тоқсандық купон,
орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы
бойынша айқындалатын болады 30/360) облигацияларын KASE ресми
тізіміне баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы
шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 13 желтоқсанынан
бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFABb1/
[2023-12-13]