"Agrobusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС KZ2P00010390 (MFABb1)
облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша
KASE-де листинг процедурасынан өтті
12.12.23 10:21
/KASE, 12.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2023 жылдың 11 желтоқсанында "Agrobusiness KZ" кредиттік
серіктестігі" ЖШС (Өскемен) KZ2P00010390 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге;
10 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады;
30/360) облигациялардың баламалы алаңының "облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға MFAbb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
"Agrobusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС қызметінің негізгі түрі –
кредиттер беру.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-12-12]