KASE ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНА АРНАЛҒАН ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

29.11.23 16:10
/KASE, 29.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2023 жылдың желтоқсан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2023 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2023 жылдың 01-31 желтоқсаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 50 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2023 жылдың қарашасына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит-Валютный" ИПҚ KZPF00000058 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc); 2) American Airlines US02376R1023 ("KASE Global" секторы, AAL_KZ) жай акциялары; 3) "Ақтөбе металл конструкциялары зауыты" АҚ KZ1C00001288 (KASE баламалы сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, AKZM) жай акциялары; 4) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акциялары; 5) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ KZPF00000090 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw) пайлары. 2023 жылдың қарашасына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен шығарылды: 1) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 (("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары; 2) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) акциялары; 3) NIKE, Inc. US6541061031 (сектор "KASE Global", NKE_KZ) жай акциялары; 4) Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (сектор "KASE Global", META_KZ) жай акциялары; 5) "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы "Halyk - Валютный" ИИПҚ KZPF00000041 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, HFINhv) пайлары; 6) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншщілес ұйымы "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит - Разумный баланс" ИИПҚ KZPF00000231 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары", BCCIrb) пайлары. Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың желтоқсан айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_dec.pdf Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың қараша айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_nov.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2023-11-29]