/KASE, 27.11.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 27 қарашасында
KASE-ге ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"Астрахань-Маңғышлақ" магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту,
1 кезек" инвестициялық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражат беру шеңберінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ
"Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-нің (қатысу үлесінің 100% - ы "ҚазТрансОйл" АҚ-қа
тиесілі) 20 млн облигациясын жалпы сомасы 20 млрд теңгеге сатып алды.
Өз кезегінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жобаны қаржыландыру үшін "Самұрық-Қазына" АҚ-тан
20 млрд теңге сомасына осындай облигациялық қарыз тартты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы
шешімімен жобаны іске асыруға "Самұрық-Қазына" АҚ-қа Ұлттық қорынан 70 млрд
теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді, оның 50 млрд теңгесі
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тан облигациялық қарыз түрінде "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС
2023 жылдың сәуірінде тартылды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_271123_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_271123.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kcel_relizs_271123_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-11-27]