20 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында M&T Bank Corporation
US55261F1049 (MTB_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
20.11.23 10:01
/KASE, 20.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 қарашасынан
бастап, олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 01 желтоқсанына
және одан кейінгі күндерге келетін, M&T Bank Corporation (АҚШ) US55261F1049
("KASE Global" секторы, MTB_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2023 жылдың
04 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 04 желтоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2023-11-20]