08 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips
US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
07.11.23 17:51
/KASE, 07.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
08 қарашасынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагент
функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп
айырысу күні 2023 жылдың 14 қарашасына және одан кейінгі күндерге
келетін ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы,
COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де
2023 жылдың 14 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 16 қарашасынан
бастап қайта басталады.
[2023-11-07]