03 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
03.11.23 10:18
/KASE, 03.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 қарашасынан
бастап олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық
контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні
2023 жылдың 10 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін IBM corp.
(АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) жай акцияларымен
сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 10 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 13 қарашасынан
бастап қайта басталады.
[2023-11-03]