KASE ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНА АРНАЛҒАН ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

31.10.23 11:09
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер қатарынан 2023 жылдың қараша айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2023 жылдың 23 қазанындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2023 жылдың 01-30 қарашасы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 51 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2023 жылдың қыркүйегіне қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы "Halyk-валюталық" ИИПҚ KZPF00000041 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, HFINhv); 2) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag); 3) NIKE, Inc. US6541061031 жай акциялары ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) 2023 жылдың қазанына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен шығарылды: 1) American Airlines US02376R1023 жай акциялары ("KASE Global" секторы, AAL_KZ); 2) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc); 3) Citigroup Inc. US1729674242 жай акциялары ("KASE Global" секторы, C_KZ); 4) Microsoft Corporation US5949181045 жай акциялары ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ); 5) "Қазақстан қор биржасы" АҚ KZ1C00001213 жай акциялары ("листингілік емес бағалы қағаздар" секторы, KASE) АО; 6) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ KZPF00000090 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw); 7) M&T Bank Corporation US55261F1049 жай акциялары ("KASE Global" секторы, MTB_KZ). Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың қараша айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_nov_kaz.pdf Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың қазан айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_oct_kaz.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf [2023-10-31]