31 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil Corporation
US30231G1022 (XOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
31.10.23 10:53
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 қазанынан
бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 15 қарашасына
және одан кейінгі күндерге келетін Exxon Mobil Corporation (АҚШ)
US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акцияларымен сауда-
саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың
15 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 17 қарашасынан
бастап қайта басталады.
[2023-10-31]