31 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp.
US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
31.10.23 10:48
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 қазанынан
бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге
асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың
30 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ)
US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда-саттық
тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың
30 қарашадан көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 04 желтоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2023-10-31]