31 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Macy's US55616P1049
(M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
31.10.23 10:45
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 қазанынан
бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо
операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 15 желтоқсанында
және одан кейінгі күндерге келетін Macy's (АҚШ) US55616P1049 ("KASE Global"
секторы, M_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың
15 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 19 желтоқсанынан
бастап қайта басталады.
[2023-10-31]