31 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation
US4581401001 (INTC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
31.10.23 10:42
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 қазанынан
бастап KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын
және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 қарашасына және одан кейінгі
күндерге келетін Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE Global"
секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла
тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылғы
07 қарашада көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 09 қарашасынан
бастап қайта басталады.
[2023-10-31]