31 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында US0255371017 (AEP_KZ)
American Electric Power Company, Inc жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылды.
31.10.23 10:37
/KASE, 31.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
31 қазанынан бастап KASE-де репо операциялары бойынша, олар бойынша
KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп
айырысу күні 2023 жылдың 10 қарашасына және одан кейінгі күндерге
келетін US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ)
American Electric Power Company, Inc (АҚШ) жай акцияларымен сауда-
саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 10 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың
13 қарашасынан бастап қайта басталады.
[2023-10-31]