27 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America
Corporation US0605051046 (BAC_KZ) және The Coca-Cola Company
US1912161007 (KO_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
27.10.23 10:21
/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 қазанынан
бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге
асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың
01 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін келесі жай акциялармен
сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
- US0605051046 (сектор "KASE Global", BAC_KZ) Bank of America Corporation
(АҚШ);
- US1912161007 (сектор "KASE Global", KO_KZ) The Coca-Cola Company (АҚШ).
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың
01 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты
тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 04 желтоқсаннан
бастап қайта басталады.
[2023-10-27]