27 қазаннан бастап KASE-де Johnson&Johnson US4781601046 (JNJ_KZ)
жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
27.10.23 10:13
/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 қазаннан
бастап KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және
есеп айырысу күні 2023 жылдың 21 қарашасына және одан кейінгі күндерге
келетін репо операциялары бойынша Johnson&Johnson (АҚШ) US4781601046
("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық KASE-де
тоқтатылатыны жөнінде хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 21 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 23 қарашадан
бастап қайта басталады.
[2023-10-27]