27 қазаннан бастап KASE-де Citigroup Inc US1729674242 (C_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
27.10.23 10:08
/KASE, 27.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 қазаннан
бастап KASE-де Citigroup Inc (АҚШ) US1729674242 ("KASE Global" секторы,
C_KZ) репо операциялары бойынша, олар бойынша KASE орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 06 қарашасына
және одан кейінгі күндерге келетін жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 06 қарашасына көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 08 қарашадан
бастап қайта басталады.
[2023-10-27]