/KASE, 26.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге төмендегі мәліметтер
берілген 2023 жылдың 26 қазанындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды:
дәйексөздің басталуы
"Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырын реконструкциялау
және кеңейту, 1-кезең" жобасының шеңберінде "Магистральдық
Суағызғысы» ЖШС (қатысу үлесі 100% "ҚазТрансОйл" АҚ-на тиесілі)
құбырдың екі учаскесі- ұзындығы шамамен 176 км: 56-207 км учаскесі (Ақкөл
– Аққыстау е.м.) және 648-667 км учаскесін (Бейнеу е.м. айналма жолы)
салып жатыр. Ұзындығы 177 шақырымның 165 шақырымын құрайтын
трассада дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары аяқталды. Гидравликалық
сынақтар 56-109 км және 109-159,7 км учаскелерінде сәтті аяқталды.
159,7-207 шақырым учаскесінде гидравликалық сынаққа дайындық жұмыстары
жүргізілуде.
Жобаны жүзеге асыру "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су
құбырының өткізу қабілетін 2024 жылы тәулігіне 110 мыңнан 170 мың текше
метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Еділ суының үздіксіз таралуына
Атырау облысындағы "Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі"
арнайы экономикалық аймағында орналасқан мұнай-газ өндіру және
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мұнай-химия өндірісі жобаларының жұмысы
мен дамуы тәуелді болып отыр. Сонымен қатар, "Астрахань – Маңғышлақ"
магистральдық су құбыры - Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және
Жылыой аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен
қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының
тұтынушыларын сумен жабдықтаудың жалғыз орталықтандырылған көзі
болып табылады. Жыл сайын халықтың су тұтынуы 4-5 пайызға артып келеді.
дәйексөздің аяқталуы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы келесі сілтемелер бойынша
орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_261023_kz_1.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_261023_1.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kcel_relizs_261023_en_1.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-10-26]