"Маңғистаумұнайгаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
26.10.23 12:23
/KASE, 26.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Маңғистаумұнайгаз" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 107 856 540 дана,
артықшылықты акциялар саны – 1 089 460 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға MANGISTAU INVESTMENTS B.V.
болып табылады, оның меншігінде 107 861 935 (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 99,00 %) соның ішінде компанияның 107 856 540
жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан
100,00 %) және 5 395 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған
артықшылықты акцияларының жалпы санынан 0,50 %) бар.
[2023-10-26]