"Қаражыра" АҚ өзінің KZ2C00007144 (KZHRb1) облигациялары
бойынша төртінші купонның төленгені туралы хабарлады
23.10.23 15:29
/KASE, 23.10.23/ – "Қаражыра" АҚ (Семей) Қазақстан қор биржасына (KASE)
өзінің облигациялары бойынша 2023 жылдың 20 қазанында өзінің
KZ2C00007144 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZHRb1)
төртінші купондық сыйақы төленгені туралы хабарлады.
Аталған хабарламаға сәйкес аталмыш сыйақы 1 400 000 000 теңге
сомасында төленді.
[2023-10-23]