"ASTEL" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.10.23 16:31
/KASE, 18.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ASTEL" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің
2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 500 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 6 990 дана;
- компанияның 226 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ARNA-SPRINT DATA COMMUNICATIONS" (АРНА-СПРИНТ
ДАТА КОММУНИКЕЙШНС)" АҚ болып табылады.
[2023-10-18]