АҚ "Акбакай Голд Ресорсиз" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.10.23 10:46
/KASE, 18.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, АҚ "Акбакай Голд Ресорсиз" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 000 дана;
- компанияның 145 850 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "АҚ Алтыналмас" АҚ болып табылады.
[2023-10-18]