"KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Энерджи") KASE-де жазылым жүргізу
арқылы өтеуге кірістілігі жылдық 21,75 %-бен бес жылдық KZ2P00010119
(KZWEB1) "жасыл" облигацияларды орналастыра отырып, 3,0 млрд
теңге тартты
17.10.23 17:43
/KASE, 17.10.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының KASE сауда-саттық
жүйесінде "KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Энерджи") (Астана)
KZ2P00010119 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, KZWEb1;
1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 17.10.23 – 17.10.28; жартыжылдық купон, жылдық
21,75%; 30/360) оларға жазылу арқылы"жасыл" облигацияларды бастапқы
орналастыру жүргізілді.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "SkyBridge Invest" АҚ
(Алматы) әрекет етті.
Орналастыруға номиналды көлемі 3 000 000 000 теңге болатын облигациялар
ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 қазанында сағат
16:00-ден 16:30-ға дейін Астана қ. уақытымен жүргізілді.
Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы
номиналды көлемі 3,0 млрд теңге облигацияларды сатып алуға бір
шектелімді өтінім берілді, ол өтінімдерді жинау аяқталған сәтте белсенді деп
танылды. Берілген өтінімдегі таза баға номиналдың 100,0000 % (жылдық
21,75 %) құрады. Сұраным ұсынымның 100,0 % құрады.
Орналастыру нәтижелері бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды.
Жалпы сомасы 3 000 000 000,0 теңгеге 3 000 000 облигация орналастырылды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес
аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат
жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды.
[2023-10-17]