/KASE, 13.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа)
2023 жылдың 17 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "KazWind
Energy" ("КазВинд Энерджи") ЖШС (Алматы) KZ2P00010119 (KASE
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, KZWEb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд
теңге; 5 жыл; тоқсандық купон; жылдық 21,75 %; 30/360) облигацияларына
жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "SkyBridge
Invest"АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі –
3 00 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 17 қазанында
сағат 16:00-ден 16:30-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізіледі. Жазылым
аясында тек шектеулі өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға беру күні – 2023 жылдың
17 қазаны; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру
күні – 2023 жылдың 17 қазаны; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен
уақыты – 2023 жылдың 17 қазаны, Астана қаласы уақытымен 17:15.
Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE
мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай
мәліметтер кіреді:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСНы немесе заңды тұлғаның БСНы.
3) жеке тұлғаның азаматтығы немесе заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны
заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған мемлекет;
4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлғаның
тіркелгенін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (нөмірі,
берілген күні және құжатты берген орган);
5) жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның мекенжайы;
6) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде
бар және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны
құрмайтын өзге де ақпарат.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/KZWEb1/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-10-13]