KASE "БИРЖАЛЫҚ СИМУЛЯТОР" БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУ САУДА-САТТЫҒЫН ӨТКІЗЕДІ

10.10.23 15:28
/KASE, 10.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Биржалық симулятор" жобасы шеңберінде оқу сауда-саттығының екінші кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды. Оқу сауда-саттықтары 2023 жылдың 02 қазанынан 02 қарашаға дейін өткізіледі. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Жоба аясында сауда-саттыққа қатысушыларға 60-тан астам қаржы құралы қолжетімді болады. KASE Mobile мобильді қосымшасын Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеу арқылы оқу сауда-саттығына қатысуға болады. Тіркелу үшін электрондық нысанды толтыру қажет – https://kase.kz/ru/exchange-simulator/registration/ Жобаға қатысу мәселелері бойынша bs@kase.kz немесе customers@kase.kz электрондық пошта мекенжайларына жүгіну қажет. "Биржалық симулятор" жобасы туралы қосымша ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді – https://kase.kz/ru/events/show/2023/KASE_simulator_2023/ [2023-10-10]