/KASE, 09.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 10 қазаны
мен 10 қарашасы аралығында акциялар нарығында бөлшек инвесторлар арасында
конкурс өткізу туралы хабарлайды. Іс-шараны өткізу Қазақстанда акциялармен
биржалық сауданы танымал етуге бағытталған.
Конкурсқа KASE қор нарығына мүше брокерлік компаниялардың клиенттері
болып табылатын жеке тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін тіркеу 2023 жылдың 01 қазанынан 01 қарашасына
дейін мынадай тәртіппен жүргізіледі:
- қатысушы конкурсқа қатысуға мына сілтемеде көрсетілген
https://kase.kz/files/zaiavka_konkurs_rozn_investors.doc нысан бойынша
толтырылған өтінімді өзінің брокеріне жіберуі қажет;
- брокер алған клиенттің өтінімі негізінде оның электрондық тіркеуін
жасайды;
- қатысушы өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға KASE-ден тіркеу
туралы растама алады.
Қатысу шарттары:
- қаржы құралдарының тізімі – KASE Индексінің акциялары және KASE Global
секторының акциялары;
- қатысушыға тиесілі және/немесе оны өткізу кезеңінде сатып алынған/сатылған
акциялар есепке алынады;
- инвестициялар көлеміне және акциялар санына шектеулер белгіленбейді;
- қатысушы тек бір брокердің клиенті бола алады;
- нақты биржалық сауда-саттық KASE қолданыстағы сауда-саттық
жүйесінде өтеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына және
KASE ішкі құжаттарына сәйкес ұйымдастырылады;
- конкурс өткізілген уақыт ішінде қатысушыға акцияларды сатып алуға
және/немесе сатуға кемінде екі мәміле жасасу талап етіледі.
Конкурсты өткізу кезеңінде акциялармен мәмілелер жасау қорытындылары
бойынша барынша табыстылық алған үш қатысушы жеңімпаз деп
танылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Іс-шараны өткізу туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында
орналастырылған –
https://kase.kz/ru/events/show/contest/2023/
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі бөлшек инвесторлар арасында
конкурс өткізу ережелерінде анықталған –
https://kase.kz/files/site-
docs/contest-rules.pdf
KASE мүшелерінің толық тізімі сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/ru/membership/
сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің
жұмысы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf
Барлық сұрақтар бойынша эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс
жөніндегі департаментке хабарласу қажет:
– қалалық телефон +7 (727) 237 5320;
– электрондық пошта customers@kase.kz.
[2023-10-09]