09 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035
(PFE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
06.10.23 18:12
/KASE, 06.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 09
қазанынан бастап, олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE
орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу
күні 2023 жылдың 10 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, Pfizer
Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының
10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 10 қарашасында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу
жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 13
қарашасынан бастап қайта басталады.
[2023-10-06]