/KASE, 03.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 04 қазанынан
бастап "ОнлайнКазФинанс" МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00010122 (KASE баламалы
алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb15; 1 000 теңге, 3,0 млрд;
360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларымен сауда-
саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес"
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу
валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/kz/bonds/show/MFOKb15/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-10-03]