03 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Microsoft Corporation
US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады
02.10.23 17:34
/KASE, 02.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 03 қазаннан бастап
KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын және есеп
айырысу күні 2023 жылдың 16 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін
Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ)
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 16 қарашасында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 20 қарашасынан бастап
қайта басталады.
[2023-10-02]