/KASE, 02.10.23, 28.09.23, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі"
атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілгендер
қатарынан 2023 жылдың қазан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші
және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық қолхаттардың
және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі
– бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2023 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға қатысты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2023 жылдың 01-31 қазаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші
кластағы бағалы қағаздар тізіміне 55 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді.
2023 жылдың қыркүйегіне қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы
бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар
кірді:
1) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF US4642885135 ("KASE
Global" секторы, HYG_KZ) акциялары;
2) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF US78468R6633 (сектор
"ценные бумаги инвестиционных фондов", US_BIL_) пайлары;
3) NVIDIA Corp. US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай
акциялары;
4) Citigroup Inc.US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) жай
акциялары;
5) M&T Bank Corporation US55261F1049 ("KASE Global" секторы, MTB_KZ)
жай акциялары.
2023 жылдың қыркүйегіне қалыптастырылған өтімділіктің бірінші класының
тізімінен:
1) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ
KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FHJIag) пайлары;
2) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ
басқаруындағы "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ KZPF00000058
("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc)
пайлары.
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың қазан
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_oct.pdf
Өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының 2023 жылдың қыркүйек
айына қалыптастырылған бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-
ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_sep.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланды
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2023-10-02]