/KASE, 06.09.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 06 қыркүйегіндегі
баспасөз мәлімдемесін KASE-ге ұсынды, онда былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"Магистральдық Суағызғысы" ЖШС ("ҚазТрансОйл" АҚ 100% үлесі) "Атырау
облысындағы Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы
үшін су құбырының құрылысы" жобасын жүзеге асырды.
Су құбыры Қашаған кен орнындағы ілеспе газ өңдеу зауытының
құрылысының бірінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстарын сумен қамтамасыз
етеді. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың 31 мамыры мен 31 тамызы
аралығында 3 ай ішінде аяқталды.
Су құбыры "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырына қосылған,
оның операторы "Магистральдық суағызғысы" ЖШС.".
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің тлық нұсқасы жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_060923_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_060923.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_060923_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-09-06]