/KASE, 06.09.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) 2023 жылдың
05 қыркүйегінде KZ2P00003874 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар"
санаты, FATNb1) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы
мынадай шешімдер қабылдағанын KASE-ге хабарлады:
- көрсетілген облигациялардың айналым мерзімінің өзгеруі бекітілсін,
айналымның жаңа мерзімі айналым басталған күннен бастап 14 жылды
құрайды;
- көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасына тиісті
өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/FATN/fatn_inform_050923.pdf
[2023-09-06]